Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Rum 1 / 60
1
Әлиф Ләм Мим.
H.Altai 30:1
2
Рұм жеңілді.
H.Altai 30:2
3
Ең жақын жерде олар жеңілгеннен кейін жедел жеңіске ие болады.
H.Altai 30:3
4
Бірнеше жылдың ішінде. Іс бұрын да кейін де Алланың еркінде. Сол күні мүміндер де қош болады.
H.Altai 30:4
5
Алланың жәрдемімен. Ол, кімді қаласа, жәрдем етеді. Ол аса үстем, ерекше мейірімді.
H.Altai 30:5
6
Бұл Алланың уәдесі. Алла уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.
H.Altai 30:6
7
Олар дүние тіршілігінен көрініп тұрғанын біледі де өздері ақыреттен кәперсіз.
H.Altai 30:7
8
Алла (Т.) Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындықпен белгілі бір мерзім үшін жаратты. Өздері жайында ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жолығуға қарсы келеді.
H.Altai 30:8
9
Олар жер жүзінде кезіп, өздеріне бұрынғылардың соңының не болғанын көрмей ме? Негізінен олар, бұлардан күштірек еді де олар, жерді қопарып, олар оны; бұлардың дамытуынан көрі көбірек дамытқан еді. Оларға ашық дәлелдер мен елшілер де келген еді. Сонда Алла, Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті.
H.Altai 30:9
10
Сосын жамандық істегендердің соңы; Алланың аяттарын жасынға шығарып, оны мазақ қылғандықтары үшін жаман болды.
H.Altai 30:10
11
Алла (Т.) баста жаратады да сосын қайтаратын да өзі. Және Ол жаққа қайтарыласыңдар.
H.Altai 30:11
12
Қиямет-қайым болған күні күнәкарлар күдер үзеді.
H.Altai 30:12
13
Оларға, Аллаға қосқан ортақтарынан шапағатшы болмайды да өздері ортақтарына қарсы шығады.
H.Altai 30:13
14
Қиямет-қайым болған күні, сол күні; (Кәпір, Мұсылман) айрылады.
H.Altai 30:14
15
Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер; бір бақшада сыйланады.
H.Altai 30:15
16
Ал енді сондай қарсы келіп, ақыретте Маған жолығуды жасынға шығарғандар, міне солар; тозаққа әзір түрде қойылады.
H.Altai 30:16
17
Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер.
H.Altai 30:17
18
Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық.
H.Altai 30:18
19
Ол, өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер де (қабірден) шығарыласыңцар.
H.Altai 30:19
20
Оның белгілерінен бірі; сендерді топырақтан жаратуы. Сосын сендер адам болып, тарқаласыңдар.
H.Altai 30:20
21
Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар.
H.Altai 30:21
22
Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар.
H.Altai 30:22
23
Күндіз-түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерін де, Оның белгілерінен. Күдіксіз бұларда тыңдаған қауым үшін белгілер бар.
H.Altai 30:23
24
Сендерге үрейлену, дәмету түрінде найзағайды көрсетуі, көктен жаңбыр жаудырып онымен өлгеннен кейін жерді жандандыруы да Оның белгілерінен. Рас бұлар да ақыл жұмсаған халыққа үлгілер бар.
H.Altai 30:24
25
Көк пен жердің Оның әмірінде тұруы да Оның белгілерінен. Сосын сендерді жерден бір шақырумен шақырған сәтте, дереу сендер шыға келесіңдер.
H.Altai 30:25
26
Көктер мен жердегі әркім Онікі. Тұтас Оған бой ұсынады.
H.Altai 30:26
27
Сол, сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. Бұл Оған оңай. Әрі көктер мен жердегі жоғары сипат Оған тән. Ол өте үстем, хикмет иесі.
H.Altai 30:27
28
Ол, сендерге өздеріңнен мысал келтіреді: Сендерге Біз берген несібе де қол астарыңдағы құлдар да сендер мен тең ортақ болып, олардан өздеріңнен жасқанғандай жасқанасыңдар ма? Осылайша аяттарымызды ақыл жұмсаган елге егжей-тегжейлі баян етеміз.
H.Altai 30:28
29
Әрине залымдар, білмесе де көңілдері тартқан жаққа кеткен. Алла адастырған кісіге кім тура жол көрсетеді. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ.
H.Altai 30:29
30
бәрінен бет бұрып, жүзінді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.
H.Altai 30:30