Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Ankebut 1 / 69
1
Әлиф Ләм Мим.
H.Altai 29:1
2
Адамдар: “Сендік” деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?
H.Altai 29:2
3
Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі.
H.Altai 29:3
4
Немесе жамандық істегендер, Бізден қашып құтыламыз деп, ойлай ма? Олар нендей жаман үкім береді!
H.Altai 29:4
5
Кім Аллаға жолығуды үміттенсе, әрине Алланың белгілі мезгілі келеді. Ол, аса естуші, толық білуші.
H.Altai 29:5
6
Біреу игілік үшін күрессе, сөзсіз өзі үшін күреседі. Әрине Алла, әлемнен бай.
H.Altai 29:6
7
Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің жамандықтарын әлбетте жоямыз да өздерін істегендерінен көрі жақсырақ сыйлыққа бөлейміз.
H.Altai 29:7
8
Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба. Қайтар жерің Мен жақ. Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін.
H.Altai 29:8
9
Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендерді игілерге қосамыз.
H.Altai 29:9
10
Адамдардың кейбірі: “Аллаға иман келтірдік” дейді де олар Алла жолында жапа тартса, адамдардың кесірін, Алланың азабындай көреді. Әлбетте Раббыңнан бір нұсырат келетін болса: “Әрине біз сендермен бірге едік” дейді. Алла әлемдегілердің көңілдеріндегіні жақсы біледі емес пе?
H.Altai 29:10
11
Әлбетте Алла иман келтіргендерді де біледі. Әрине мұнафықтарды да біледі.
H.Altai 29:11
12
Сондай кәпірлер, иман келтіргендерге: “Біздіқ жолымызға ілесіңдер, қателіктеріңді біз көтерейік” деді. Негізінен олар, бұлардың күнәларынан еш нәрсе көтеруші емес. Расында олар суайт.
H.Altai 29:12
13
Әрине олар, өз жүктерін де онымен бірге басқа жүктер де көтереді. Әлбетте олар қиямет күні, жасама істерінен сұраққа тартылады.
H.Altai 29:13
14
Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз елу жыл тұрды. Сол уақытта оларды топан басып алды, олар; залым еді.
H.Altai 29:14
15
Оны және кемедегі жолдастарын құтқарып, ол уақиғаны әлемдерге ғибрат қылдық.
H.Altai 29:15
16
Ыбырайым (Ғ.С.) ды да. Сол уақытта еліне: “Аллаға құлшылық қылыңдар да Одан қорқыңдар. Егер білсеңдер, оларың сендер үшін қайырлы” деді.
H.Altai 29:16
17
“Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризык бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар.”
H.Altai 29:17
18
“Егер сендер жасынға шығарсаңцар, расында бұрынғы үмметтер де жасынға айналдырған. Пайғамбардың міндеті ашық жалғастыру ғана.”
H.Altai 29:18
19
Олар көрмеді ме? Алла жаратуды қалай бастайды, сосын оны қайтарады. Расында бұл Аллаға оңай.
H.Altai 29:19
20
“Жер жүзінде кезіңдер де жаратылыс қалай басталғанын көріңдер. Тура солай Алла ақырет өмірін де жаратады. Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді” де.
H.Altai 29:20
21
Кімді қаласа, азап қылады да кімді қаласа, мәрхамет етеді. Сондай-ақ Сол жаққа бұрыласыңдар.
H.Altai 29:21
22
Сендер жерде де көкте де Алланы әлсірете алмайсыңдар. Сондай-ақ сендерге Алладан өзге не дос не жәрдемші жоқ.
H.Altai 29:22
23
Сондай Алланың аяттарына әрі өзіне қауышуға қарсы келгендер; міне солар, рахметімнен күдер үзді. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар.
H.Altai 29:23
24
Сонда елінің жауабы: “Ыбырайымды өлтіріңдер немесе оны өртеңдер” деу ғана болды. Алла оны оттан құтқарды. Сөз жоқ, бұнда сенген елге ғибраттар бар.
H.Altai 29:24
25
(Ыбырайым Ғ.С.): “Шын мәнінде сендер дүние тіршілігінде өзара достық үшін Алладан өзге пұттар жасап алдыңдар. Сосын қиямет күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар да орындарың тозақ болып, сендерге ешбір жәрдемші болмайды” деді.
H.Altai 29:25
26
Сонда Лұт (Ғ.С) оған иман келтірді. (Ыбырайым Ғ.С.): “Шын мәнінде мен Раббым жаққа жөнелемін. Күдіксіз Ол, үстем, хикмет иесі” деді.
H.Altai 29:26
27
Оған Ысхақты, Яғқұпты бердік те оның ұрпақтарына кітап, пайғамбарлық мәрхамет еттік. Әрі өзіне дүние сыйлығын бердік. Әрине ол, ақыретте де ізгілерден.
H.Altai 29:27
28
Лұт (Ғ.С.) қа да (пайғамбарлық бердік). Сол уакытта еліне: “Рас өздеріңнен бұрын әлемде ешкім істемеген арсыздықты істедіңдер” деді.
H.Altai 29:28
29
“Рас сендер еркектерге жақындасасыңдар да жол кесіп, және мәжілістеріңде жамандық істейсіңдер ме?”. Сонда елінің жауабы: “Егер шыншылдардан болсаң, қане бізге Алланың азабын келтірші” дегеннен басқа болмады.
H.Altai 29:29
30
(Лұт Ғ.С.): “Раббым! Бұзақы елге қарсы маған жәрдем бере көр!”,- деді.
H.Altai 29:30