Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Kasas 1 / 88
1
Та Син Мим.
H.Altai 28:1
2
Бұл ашық баян етуші Кітаптың аяттары.
H.Altai 28:2
3
саған Мұса (Ғ.С.) мен Перғауынның қиссасын сенетін ел үшін дұрыс оқимыз.
H.Altai 28:3
4
Рас Перғауын ол жерде зорекер болып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын езіп, ұлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қоятын еді. Өйткені ол, бұзақылардан еді.
H.Altai 28:4
5
Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз.
H.Altai 28:5
6
Оларды жерге (Мысырға) орналастыруды; Перғауын, Һаман және екеуінің әскерлеріне, бұлардың қорыққан нәрселерін көрсетуді қаладық.
H.Altai 28:6
7
Мұсаның анасына: “Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да күйінбе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз” деп, көкейіне салдық.
H.Altai 28:7
8
Сонда Перғауынның семьясы өздеріне қастас әрі қайғы болатын баланы тауып алды. Расында Перғауынмен Һаман әрі әскерлері қателесті.
H.Altai 28:8
9
Перғауынның әйелі: “Менің де сенің де көз қарашығымыз, оны өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер; немесе бала қып аламыз” деді. Өйткені олар, сезбеді.
H.Altai 28:9
10
Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жүрегін сенушілерден болуға бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады.
H.Altai 28:10
11
Анасы, Мұсаның әпкесіне: “Оның соңына түс” деді. Ол, олар сезбеген жақтан оны көздеді.
H.Altai 28:11
12
Бұрын емізушілерді оған арам еттік. Сонда оның әпкесі, Оларға: “Сендерге, оны сендер үшін бағатын, оған қамқор бір үйдің ішін көрсетейін бе?”,-деді.
H.Altai 28:12
13
Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді.
H.Altai 28:13
14
(Мұса Ғ.С.) ержетіп, теңелген кезде, өзіне хикмет, ғылым бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.
H.Altai 28:14
15
(Мұса Ғ.С.) елдің кәперсіз уақтында қалаға кірді де онда төбелесіп жатқан екі адам көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мұсадан көмек тіледі. Сонда Мұса (Ғ.С.) оны жұмырықпен ұрғанда оған қаза жетті. (Мұса Ғ.С.): “Бұл шайтан ісі. Өйткені ол ашық адастырушы дұшпан” деді.
H.Altai 28:15
16
“Раббым! рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!”,- деді. Сондықтан Алла, оны жарылқады. Өйткені Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 28:16
17
“Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін” деді.
H.Altai 28:17
18
Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал және кешегі өзінен көмек тілеген кісі, тағы жалбарынып жатыр. Мұса (Ғ.С.) оған: “Сен анық адасқан екенсің” деді.
H.Altai 28:18
19
Сонда Мұса (Ғ.С.) екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте: “Әй Мұса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен Бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?”,- деді.
H.Altai 28:19
20
Қаланың шетінен бір адам жүгіріп келіп: “Әй Мұса! Бастықтар сені өлтіруге кеңесіп жатыр. Дереу шығып кет! Шынында мен саған қамқорларданмын” деді.
H.Altai 28:20
21
Сонда Мұса (Ғ.С.) қорқа байқастап, қаладан шықты да: “Раббым! Мені залым елден құтқар!”,- деді.
H.Altai 28:21
22
Ол, Мәдян жаққа жөнелген сәтте: “Раббымның, маған тура жол көрсетуін үміт етемін” деді.
H.Altai 28:22
23
Мәдян суына барған кезде, ол жерде мал суарған бір топ адам көреді. Тағы олардан өзге малдарын судан қайырып тұрған екі әйел керді де: “Екеуіңнің бұйымтайларың не?”,-деді. Екеуі: “Малшылар малдарын алып кеткенге дейін суара алмаймыз. Әкеміз кәрі шал” деді.
H.Altai 28:23
24
Мұса (Ғ.С.) олардың малдарын суарды да сосын көлеңкеге бұрылып: “Раббым! Сен маған қайырдан не жіберсең мұқтажбын” деді.
H.Altai 28:24
25
Сонда екі әйелдің бірі, ұялған түрде келіп: “Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады” деді. Мұса (Ғ.С.) Шұғайып (Ғ.С.) қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайып (Ғ.С.): “Қорықпа! Залым елден құтылдың” деді.
H.Altai 28:25
26
Екі қыздың бірі: “Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалдаған адамдардың қайырлысы да, күшті, сенімдісі” деді.
H.Altai 28:26
27
(Қыздардың әкесі Мұса Ғ.С. ға): “Маған сегіз жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табарсың” деді.
H.Altai 28:27
28
(Мұса Ғ.С.): “Осы, мені мен сенің арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын орындасаң да маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Алла кепіл” деді.
H.Altai 28:28
29
Мұса (Ғ.С.) мерзімді бітіріп, жұбайымен жолға шыққанда, Тұр жақтан бір от көріп, жұбайына: “Тұра тұрыңдаршы. Рас бір от көрдім. Бәлкім бір хабар немесе оттан бір шоқ әкелермін. Әрине сендер жылынарсыңдар” деді.
H.Altai 28:29
30
Ол жерге келген сәтте, мүбарак жердегі ойпаттың оң жағындағы ағаштың жанынан: “Әй Мұса! Рас Мен, әлемдердің Раббы Алламын” деп, дабысталды.
H.Altai 28:30