Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Neml 1 / 93
1
Та Син. Бұл ап-ашық Кітап, Құранның аяттары.
H.Altai 27:1
2
Мүміндер үшін тура жол әрі қуаныш.
H.Altai 27:2
3
Олар намазды толық орындайды, зекет береді де олар ақыретке нақ сенеді.
H.Altai 27:3
4
Рас ақыретке сенбегендердің өздеріне қылған істерін әдемі көрсеттік те олар сандалып жүреді.
H.Altai 27:4
5
Міне сондайлар, оларға азаптың жаманы бар. Әрі олар, ақыретте де өздері зиянда болады.
H.Altai 27:5
6
рас, сен бұл Құранды хикмет иесі, толық білуші тарапынан алып отырсың.
H.Altai 27:6
7
Сол уақытта, Мұса (Ғ.С.) жұбайына: “Рас мен бір от көрдім. Тезінен сендерге бір хабар немесе жылынуларың үшін бір шоқ әкелемін” деді.
H.Altai 27:7
8
Ол, сол араға келген сәтте: “Отта әрі оның маңында болған әркімге мүбарак қылынды. Әлемдердің Раббы Алла, пәк” деп дабысталды.
H.Altai 27:8
9
“Әй Мұса! Рас Мен тым үстем, хикмет иесі Алламын.”
H.Altai 27:9
10
“Таяғынды таста!” Оның жыланша ирендегенін көрген сәтте, бұрыла жөнеліп, қайрылып қарамады. “Әй Мұса! Қорықпа! Рас Менмін. Менің алдымда пайғамбарлар қорықпайды.”
H.Altai 27:10
11
“Бірақ кім кесір істесе де сосын жамандықтан кейін жақсылыққа ауыстырса, онда рас Мен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдімін.”
H.Altai 27:11
12
“Қолыңды қойныңа тық! Зиянсыз аппақ болып шықсын; Перғауынға, оның еліне тоғыз мұғжизаның ішінде көрсетуге. Рас олар бұзақы бір ел.”
H.Altai 27:12
13
Оларға көпе-көрнеу мұғжизаларымыз келгенде: “Бұл ашық жады” деді.
H.Altai 27:13
14
Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр!
H.Altai 27:14
15
Рас Дәуітпен Сүлеймен (Ғ.С.) ге ғылым бердік те олар: “Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық” деді.
H.Altai 27:15
16
Сүлеймен, Дәуіт (Ғ.С.) ке мұрагер болды да: “Әй адамдар! Бізге құс тілі үйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас Бұл, әлбетте ашық бір артықшылық.”
H.Altai 27:16
17
Сүлеймен (Ғ.С.) нің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді.
H.Altai 27:17
18
(Ол, бұлармен) ақыр құмырсқаның ойпатына келген сәтте, бір құмырсқа: “Әй құмырсқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлері сендерді білмей жаншып кетпесін” деді.
H.Altai 27:18
19
Сонда (Сүлеймен Ғ.С.) құмырсқаның сөзінен жылмыйып күлді де: “Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!”,- деді.
H.Altai 27:19
20
(Сүлеймен Ғ.С.) Құстарды түгендеді де: “Бәбісекті неге көрмеймін, немесе ол, жоғалып кетті ме?”,- деді.
H.Altai 27:20
21
“Әлбетте оны қатты қинаймын не оны бауыздаймын. Немесе маған бір ашық дәлел келтірсін.”
H.Altai 27:21
22
Сонда ол, көп кешікпей-ақ келіп: “Сен білмеген нәрсені білдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім.” деді.
H.Altai 27:22
23
“Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әр түрлі нәрсе берілген әрі оның үлкен тақты бар.”
H.Altai 27:23
24
“Оны да елін де Алладан өзге күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға істеген істерін әдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жол таба алмайтын көрінеді.”
H.Altai 27:24
25
“Көктер мен жердегі көместі көрнеуге шығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін білетін Аллаға неге сәжде қылмайды?”
H.Altai 27:25
26
“Ұлы ғаршының Раббы Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ.”
H.Altai 27:26
27
(Сүлеймен Ғ.С.): “Шын айттық па? Немесе өтірікшілерденсің бе? Көреміз” деді.
H.Altai 27:27
28
“Мына хатымды алып барып; оны оларға таста да бұрылып тұрып күт. Не жауап қайтарар екен?”
H.Altai 27:28
29
(Былқыс): “Әй бастықтар! Маған бір елеулі хат тасталды” деді.
H.Altai 27:29
30
Ол, Сүлейменнен: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен» (бастаймын дейді).
H.Altai 27:30