Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Şuara 1 / 227
1
Та Син Мим.
H.Altai 26:1
2
Бұл айқын Құранның аяттары.
H.Altai 26:2
3
Олар иман келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың.
H.Altai 26:3
4
Егер қаласақ, Оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, оған бой ұсынушыларға айналар еді.
H.Altai 26:4
5
Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады.
H.Altai 26:5
6
Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады.
H.Altai 26:6
7
Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктөр өсірдік.
H.Altai 26:7
8
Рас бұнда ғибрат бар да, олардың көбі сенуші емес.
H.Altai 26:8
9
Раббың тым үстем, ерекше мейірімді.
H.Altai 26:9
10
Сол уақытта Раббың Мұса (Ғ.С.) ға: “Залым елге бар” деп үндеді:
H.Altai 26:10
11
“Перғауын еліне. Олар қорықпай ма?”
H.Altai 26:11
12
(Мұса Ғ.С.): “Раббым! Рас мен олардың мені жасынға шығаруынан қорқамын” деді.
H.Altai 26:12
13
“Көңлім тарайым, тілім жүрмейді. Сондықтан Һарұнға да пайғамбарлық бер!”
H.Altai 26:13
14
“Мен оларға күнәкармын. Сондықтан олардың, мені өлтіруінен қорқамын!”
H.Altai 26:14
15
(Алла Т.): “Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз” деді.
H.Altai 26:15
16
“Дереу екеуің Перғауынға баршы: “Біз бүкіл әлемнің Раббының елшісіміз;”
H.Altai 26:16
17
“Израил ұрпақтарын бізбен бірге қоя бер!”,- (деңдер-деді).
H.Altai 26:17
18
Перғауын: “Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл арамызда болмадың ба?”
H.Altai 26:18
19
“Ол қыларыңды қылдың. Сен нәсүкірлерденсің” деді.
H.Altai 26:19
20
(Мұса Ғ.С.): “Мен ол істі істеген кезде, қателескен едім” деді.
H.Altai 26:20
21
“Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыр Раббым, маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды.”
H.Altai 26:21
22
“Сен Израил ұрпақтарын құл қылып, маған міндетсіген игілігің осы.”
H.Altai 26:22
23
(Перғауын): “Әлемдердің Раббы дегенің немене?”,- деді.
H.Altai 26:23
24
(Мұса Ғ.С.): “Егер анық сенетін болсаңдар, Ол жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы” деді.
H.Altai 26:24
25
(Перғауын) маңайындағыларға: “Естімей отырсыңдар ма?”,- деді.
H.Altai 26:25
26
(Мұса Ғ.С.): “Ол, сендердің де Раббыларың, бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббы” деді.
H.Altai 26:26
27
(Перғауын): “Тақ осы сендерге жіберілген Пайғамбар, мүлде жынды” деді.
H.Altai 26:27
28
(Мұса Ғ.С.): “Егер түсінетін болсаңдар, Ол шығыс, батыстың және екі арасындағылардың Раббы” деді.
H.Altai 26:28
29
(Перғауын): “Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, әрине сені түрмеге саламын.”,- деді.
H.Altai 26:29
30
(Мұса Ғ.С.): “Егер саған ашық дәлел келтірсем де ме?”,- деді.
H.Altai 26:30