1
Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары.
2
Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылып алмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі.
3
(Сонда да) олар Алладан өзге, бір нәрсені жарата алмайтын, өздері жаратылатын, сондай-ақ өздеріне де пайда, зиян келтіру күшіне және өлтіру, тірілту тағы өлгенді қайта тірілту күшіне ие болмағандарды тәңір жасап алды.
4
Сондай кәпірлер: “Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзі шығарды, оған басқа ел де көмектесті” деп, олар орынсыз жала жапсырды.
5
Және олар: “Ол Құран бұрынғылардың аңызы. Оны, бұл жаздырып алады да, ертелі-кеш өзіне оқылады” деді.
6
“Құранды көктер мен жердің сырын білетін Алла түсірді. Рас Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді” де.
7
Тағы олар: “Бұл қалай Пайғамбар? Тамақ жейді, базарларда жүреді. Неге оған, онымен бірге жүріп, қорқытатын періште түсірмейді?”,-десті.
8
“Немесе оған (шаңырақтан) бір қазына тасталса не оның бір қоректенетін бақшасы болса еді.” Сөйтіп залымдар: “Сендер мүлде жадыланған кісіге ересіңдер” деді.
9
Қара! Сен үшін қалай мысалдар берді. Енді олар жол таба алмайтын түрде адасты.
10
Сондай молшылық иесі Алла қаласа, бұлардан да жақсы, астарынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін; сарайлар жасай алады.
11
Бірақ олар қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынға шығарғандар үшін; қайнаған тозақты әзірледік.
12
Тозақ, оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оның қайнап, күркірегенін естиді.
13
Олар, тозақтың тар бір жеріне қолдары, мойындарына байлаулы тасталғанда, сол жерде жоқ болуды қалайды.
14
“Бүгін бір-ақ жоқ болуды тілемеңдер! Көптеген жоқ болуды тілеңдер” (делінеді).
15
“Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?”,- де.
16
Олар мәңгі қалатын жаннаттта, не тілесе бар. Бұл, Раббың міндетті түрде орындайтын бір уәде.
17
Ол; сол күні, оларды және Алладан өзге табынғандарын жинайды. Сонда олардан: “Осы құлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолдан өздері адасты ма?”,- деп сұрайды.
18
(Ол табынылғандар): “Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені ие қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен, оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. Тіпті Сені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды” деді.
19
(Табынғандарың) рас айтқандарыңды жасынға айналдырады. Сонда оны қайтара алмайсыңдар да бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кім зұлымдық қылса, ірі азап таттырамыз.
20
Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін ғана пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші.
21
Сондай бізге кездесуді күтпегендер: “Бізге періштелер неге түсірілмейді? Немесе Раббымызды көрсек” деді. Расында олар өздерін-өздері жоғары санады да тым шектен шығып кетті.
22
Олар періштелерді көрген күні, күнәкарлар үшін қуанышты күн болмайды. Періштелер: “Жоқ, сендерге қуаныш жоқ” дейді.
23
Олар нендей бір іс істеген болса, рас оны қолға алып, шашылған тозаңға айналдырамыз.
24
Ол күні, жаннаттықтардың тұрар жері жақсы, тынығар жерлері өте көркем болады.
25
Ол күні, аспан бұлттарша жарылып, періштелер жалғасты түрде түсіріледі.
26
Ол күні, шын патшалық Алланікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыр күн болады.
27
Ол күні әр залым өз қолын шайнап: “Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді” дейді.
28
“Нендей өкініш маған; Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім…”
29
“Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан адастырды. Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады.”
30
Пайғамбар: “Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды” деді.
Sonraki 30 ayet →