Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Nur 1 / 64
1
Бұл сүрені түсірдік те оның үкімдерін парыз қылдық. Сондай-ақ үгіт алуларың үшін; мұнда ашық аяттар түсірдік.
H.Altai 24:1
2
Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ақырет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын.
H.Altai 24:2
3
Зинашы ер; зинашы немесе мүшрік әйелмен үйленуге лайық. Зинашы әйел де; зинашы немесе мүшрік ермен ғана үйленеді. Бұлар мүміндерге арам қылынды.
H.Altai 24:3
4
Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар; кейін төрт айғақ келтіре алмаса, онда оларға сексен дүре соғыңдар. Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне солар, бұзықтар.
H.Altai 24:4
5
Бірақ содан кейін тәубе етіп, түзелгендерге; Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 24:5
6
Жұбайларына зина жаласын жауып, өздерінен басқа ешбір айғақтары болмағандардың әрбірінің куәлігі, шын айтушы екендіктеріне байланысты төрт рет Алланың атымен ант ішулері.
H.Altai 24:6
7
Бесінші ретте (ер): “Егер өтірік айтушылардан болсам, Маған Алланың лағынеті болсын!”,- (дейді).
H.Altai 24:7
8
Ерінің өтірік айтушылардан екендігіне байланысты әйел де төрт рет Алланың атымен ант ішіп, өзінен жазаны кетіре алады.
H.Altai 24:8
9
Бесінші рет (әйел): “Егер оның айтқандары шын болса, маған Алланың қаһары тисін!”,- (дейді).
H.Altai 24:9
10
Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса (не болар еді?), Расында Алла, тәубелерді қабылдаушы, аса дана.
H.Altai 24:10
11
Шынында сендерден өсек айтып келген топтың сөзін жаман деп есептемеңдер. Керісінше ол, сендер үшін қайырлы. Олардың әрбіреуі күнә тапты. Олардан басшылық еткен үлкеніне зор азап бар.
H.Altai 24:11
12
Егер оны естігендеріңде мүмін ер, әйел көңілдерінде қайыр ойлап: “Бұл бір ашық өсек” десе еді?
H.Altai 24:12
13
Олар, оған төрт куә келтірсе еді? Сондай-ақ олар куә әкелмеді. Міне солар, Алланың қасында өтірікші.
H.Altai 24:13
14
Егер сендерге дүние, ақыретте Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса еді, әрине өсек тартқандықтарыңның салдарынан зор азапқа душар болар едіңдер.
H.Altai 24:14
15
Сол уақытта өсекті ауызекі жалғастырып, білмеген нәрсені айта отырып, оны жеңілге сайдыңдар. Ол, Алланың қасында зор іс еді.
H.Altai 24:15
16
Егер оны естіген сәтте: “Бұны, біздің айтуымызға болмайды. Алла сақтасын. Бұл бір ірі жала” деген болсаңдар еді.
H.Altai 24:16
17
Егер мүмін болсаңдар, Алла мұндайды мүлде қайта істемеулеріңді насихаттайды.
H.Altai 24:17
18
Алла, сендерге аяттарын ашық баян қылады. Әрі Алла толық білуші, аса дана.
H.Altai 24:18
19
Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге; дүние, ақыретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі. Сендер білмейсіңдер.
H.Altai 24:19
20
Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса. Рас Алла өте жұмсақ, ерекше мейірімді.
H.Altai 24:20
21
Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кім шайтанның іздеріне ерсе, күдіксіз ол, ұятсыздықты, жамандықты меңзейді. Егер сендерге Алланың игілігі, мейірімі болмаса еді, ешбіреуің әсте ағармайтын едіңдер. Бірақ Алла қалаған құлын ағартады. Алла әр нәрсені естуші, білуші.
H.Altai 24:21
22
Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 24:22
23
Расында абыройлы мүмін, ақ ниет әйелдерге жала қойғандар; дүние, ақыретте қарғалды. Әрі олар үшін ірі азап бар.
H.Altai 24:23
24
Қиямет күні, оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады.
H.Altai 24:24
25
Сол күні Алла, оларға лайықты жазасын толық береді. Сондай-ақ рас Алланың ашық шындық екенін олар біледі.
H.Altai 24:25
26
Сұм әйелдер сұм ерлерге, сұм ерлер сұм әйелдерге, сондай-ақ игі әйелдер игі ерлерге, игі ерлер игі әйелдерге лайық. Бұлар, олардың айтқандарынан ақ. Олар үшін жарылқау әрі көркем несібе бар.
H.Altai 24:26
27
Әй мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін қайырлы. Әрине түсінерсіңдер.
H.Altai 24:27
28
Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұқсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге: “Қайтыңдар” делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі.
H.Altai 24:28
29
Ішінде отырылмайтын, нәрселерің бар үйлерге кірулеріңнің оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді де көместеріңді де біледі.
H.Altai 24:29
30
Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы.
H.Altai 24:30