Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Müminun 1 / 118
1
Шынында иман келтіргендер құтылды.
H.Altai 23:1
2
Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады.
H.Altai 23:2
3
Олар, бос нәрселерден аулақ болады.
H.Altai 23:3
4
Олар, зекеттерін береді.
H.Altai 23:4
5
Олар, ұятты жерлерін сақтайды.
H.Altai 23:5
6
Бірақ жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ.
H.Altai 23:6
7
Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар.
H.Altai 23:7
8
Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы.
H.Altai 23:8
9
Олар, намаздарына ұқыпты.
H.Altai 23:9
10
Міне солар, мұрагерлер.
H.Altai 23:10
11
Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагер болады.
H.Altai 23:11
12
Расында адамды нағыз балшықтан жараттық.
H.Altai 23:12
13
Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық.
H.Altai 23:13
14
Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла.
H.Altai 23:14
15
Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер.
H.Altai 23:15
16
Сосын сендер қиямет күні, күдіксіз тірілтілесіңдер.
H.Altai 23:16
17
Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз.
H.Altai 23:17
18
Көктен бір мөлшерде жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіне тоқтаттық. Рас оны жоғалтуға да күшіміз жетеді.
H.Altai 23:18
19
Міне сонымен сендерге құрма ағаштары, жүзімдер және оның ішінде сендер қоректенетін көптеген жемістер бар бақшалар пайда қылдық.
H.Altai 23:19
20
Сондай-ақ Тұрсинадан жеушілерге қатық түрінде майлы өсетін (зейтін) ді шығардық.
H.Altai 23:20
21
Рас сендер үшін малдарда әлбәтте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер.
H.Altai 23:21
22
Мал және кемеменен тасымалданасыңдар.
H.Altai 23:22
23
Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда ол: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?” деді.
H.Altai 23:23
24
Онда елінің қарсы болған бастықтары: “Бұл өздерің сияқты ғана адам. Сендерге үстем болғысы келеді. Егер Алла қаласа, періште жіберер еді. Бұны бұрынғы аталарымыздан естімедік” деді.
H.Altai 23:24
25
“Ол, жын соққан ғана бір адам. Сондықтан оны бір заманға дейін тосыңдар.”
H.Altai 23:25
26
(Нұх Ғ.С.): “Раббым! Олардың мені жасынға шығаруларына қарсы маған нұсырат бер!”,- деді.
H.Altai 23:26
27
Сонда оған: “Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса” деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып, кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар, суға батуға тиісті” деп уахи еттік.
H.Altai 23:27
28
Сен қашан жолдастарыңмен бірге кемеге орналассаң: “Барлық мақтау бізді залымдардан құтқарған Аллаға тән” де.
H.Altai 23:28
29
“Раббым! Мені құтты бір қонысқа қондыр! Сен ең жақсы орналастырушысың” де.
H.Altai 23:29
30
Рас бұнда өнегелер бар. Әрине Біз сынаймыз.
H.Altai 23:30