Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Enbiya 1 / 112
1
Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда, олар кәперсіз бет бұруда.
H.Altai 21:1
2
Олар, Раббыларынан өздеріне келген әр жаңа ескертуді мүлде ойыншық етіп қана тыңдайды.
H.Altai 21:2
3
Олардың жүректері боста. Жасырын кеңескен залымдар: “Бұл сендер сияқты ғана адам. Көре тұра сиқырға ересіңдер ме?”,- (деп күңкілдесті).
H.Altai 21:3
4
оларға: “Раббым; жер, көктегі сөйленгенді біледі. Сондай-ақ Ол, толық естуші, білуші” деді.
H.Altai 21:4
5
Олар: “Олай емес. Бұл шым-шытырық түстер. Жоқ, өзінің жасандысы. Жоқ, ол ақын. Әйтпесе, бізге бұрынғы елшілерше бір белгі келтірсін” деді.
H.Altai 21:5
6
Бұлардан бұрынғы біз жоқ еткен кент (халқы) иман келтірмеді. Енді бұлар иман келтіре ме?
H.Altai 21:6
7
Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар.
H.Altai 21:7
8
Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес.
H.Altai 21:8
9
Сонан кейін оларға етілген уәдемізді шынға шығарып, оларды және қалаған кісілерімізді құтқардық та, шектен шығушыларды жоқ еттік.
H.Altai 21:9
10
Сендерге ішінде өздеріңе үгіт болған бір Кітап жібердік. Сонда да түсінбейсіңдер ме?
H.Altai 21:10
11
Қаншалаған халқы залым кентті талқандадық та, одан кейін басқа ел жараттық.
H.Altai 21:11
12
Сонда олар азабымызды сезген сәтте, ол жерден қаша бастады.
H.Altai 21:12
13
“Қашпаңдар! Бақ берілген жерге, үйлеріңе қайтыңдар. Мүмкін сұраласыңдар” (деді).
H.Altai 21:13
14
Олар: Өкінішке орай біз залым екенбіз” деді.
H.Altai 21:14
15
Осы дауыстары; біз оларды орылған шөп, сөнген отқа айналдырғанға дейін сенбеді.
H.Altai 21:15
16
Көк пен жерді және екі арасындағыны ойыншық қып жаратпадық.
H.Altai 21:16
17
Егер бір ойыншық жасағымыз келсе де оны жасайтын болсақ өз қасымыздан-ақ жасап алар едік…
H.Altai 21:17
18
Егер өтірікті, шындықпен ұрсақ, миын бырқ еткізер еді де сонда ол жойылып, кетер еді. Жасанды сөздеріңнің салдарынан сендерге нендей өкініш.
H.Altai 21:18
19
Көктер мен жердегілер Алланікі. Оның қасындағылар, Оған құлшылық қылудан дандайсымайды да, шаршамайды.
H.Altai 21:19
20
Олар күндіз-түні Алланы дәріптеуден жалықпайды.
H.Altai 21:20
21
Олардың жерден жасап алған тәңірлері; солар, өліктерді тірілте ме?
H.Altai 21:21
22
Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса еді, әлбетте екеуі де бұзылып, кетер еді. Ғаршының Раббы Алла, олардың жасанды сипаттарынан пәк.
H.Altai 21:22
23
Ол, істегендерінен сұралмайды да, олар сұралады.
H.Altai 21:23
24
Немесе олар, Алладан өзге тәңірлер жасап алды ма? Дәлелдеріңді келтіріңдер. Міне менімен бірге болғандардың Кітабы және менен бұрынғылардың Кітабы” де. Олай емес, олардың көбі шындықты білмейді. Сондықтан олар жалтарады.
H.Altai 21:24
25
сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: “Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар” деп қана уахи етіп, жібердік.
H.Altai 21:25
26
Сонда олар: “Алланың баласы бар” деді. Алла одан пәк. Олай емес, періштелер ардақты құлдары.
H.Altai 21:26
27
Олар, Одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ олар, Оның әмірін ғана орындайды.
H.Altai 21:27
28
Алла олардың өткенін де, келешегін де біледі. Олар, Алланың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады. Олар Алладан қорыққаннан тітірейді.
H.Altai 21:28
29
Олардан кім: “Алладан өзге мен де тәңірмін!,- десе, оны тозақпен жазаландырамыз. Залымдардың сазайын сөйтіп тарттырамыз.
H.Altai 21:29
30
Қарсы болғандар, негізінде көктер менен жер тиіскен еді. Екеуін ажыратқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме?
H.Altai 21:30