Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Ta Ha 1 / 135
1
Та Һа.
H.Altai 20:1
2
Саған Құранды машақат үшін түсірмедік.
H.Altai 20:2
3
Бірақ қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік.
H.Altai 20:3
4
Жер мен биік көктерді жаратқаннан түсірілді.
H.Altai 20:4
5
Ол Рахман, ғаршыны меңгерді.
H.Altai 20:5
6
Көктердегі, жердегі әрі екі арасындағы нәрселермен топырақтың астындағы нәрсе Оған тән.
H.Altai 20:6
7
Сөзіңді мейлі әшкере сөйле. Расында Ол сырды да, құпияны да біледі.
H.Altai 20:7
8
Ол Алла. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ең көркем аттар Оған тән.
H.Altai 20:8
9
саған Мұса (Ғ.С.) ның әңгімесі келді ме?
H.Altai 20:9
10
Сол уақытта ол бір от көріп, үй-ішіне: “Тұрып тұрыңдар. Бір от көрдім. Бәлкім сендерге бір шоқ келтіремін немесе от жақта, бір жол көрсетуші табармын” деді.
H.Altai 20:10
11
Ол отқа барған сәтте: “Әй Мұса!” деп шақырылды.
H.Altai 20:11
12
“Рас Мен Раббыңмын. Кебісіңді шеш. Өйткені, сен қасиетті Туа ойпатындасың”.
H.Altai 20:12
13
“Сені ұнаттым. Енді уахи етілгендерді тыңда”.
H.Altai 20:13
14
“Рас Мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан маған құлшылық қыл. Сондай-ақ Мені еске алу үшін намазды толық орында”.
H.Altai 20:14
15
“Әркім істегенінің бодауын алу үшін; Мен мезгілін құпиялаған қиямет анық келеді.”
H.Altai 20:15
16
“Ендеше, сені қияметке сенбей, көңілдері тартқанына ілескендер, (қияметке сенуден) тоспасын. Онда жоқ боласың.”
H.Altai 20:16
17
Әй Мұса! Оң қолыңдағы не нәрсе?”
H.Altai 20:17
18
(Мұса Ғ.С.): “Ол таяғым. Оған таянамын. Онымен қойларыма жапырақ қағып беремін әрі онда басқа да істерім бар” деді.
H.Altai 20:18
19
“Әй Мұса! Оны таста!”,- деді.
H.Altai 20:19
20
Оны тастады. Сонда ол, жылан болып жүрді.
H.Altai 20:20
21
“Оны ұста, қорықпа! Оны әуелгі халына қайтарамыз” деді.
H.Altai 20:21
22
“Қолыңды қойныңа тық. Аппақ ақаусыз басқа бір мұғжиза болып шықсын”.
H.Altai 20:22
23
Саған ірі мұғжизаларымызды көрсету үшін (еді.)”
H.Altai 20:23
24
“Перғауынға бар. Өйткені ол, шектен шыққан.”
H.Altai 20:24
25
(Мұса Ғ.С.): “Раббым! Көңлімді кеңейткейсің!”,- деді.
H.Altai 20:25
26
“Ісімді оңайластырғайсың!”
H.Altai 20:26
27
“Тілімнің тұтықпасын шеше көр.”
H.Altai 20:27
28
“Олар сөзімді түсінсін!”
H.Altai 20:28
29
“Маған семьямнан бір уәзір қыл!”
H.Altai 20:29
30
“Туысым Һарұнды,”
H.Altai 20:30