Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Bakara 1 / 286
1
«Әлиф Ләм Мим»
H.Altai 2:1
2
Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші.
H.Altai 2:2
3
Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады.
H.Altai 2:3
4
олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрыңғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады.
H.Altai 2:4
5
Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар.
H.Altai 2:5
6
расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді,
H.Altai 2:6
7
Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар.
H.Altai 2:7
8
Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді.
H.Altai 2:8
9
Олар (өздерінше) Алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді.
H.Altai 2:9
10
Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтіріктіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар.
H.Altai 2:10
11
Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмаңдар!»,- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді.
H.Altai 2:11
12
Сақ болыңдар! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді.
H.Altai 2:12
13
Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!», – делінсе, олар: «Ақылсыздарша иман келтірейік пе?»,- дер. Байқаңдар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ олар білмейді.
H.Altai 2:13
14
Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз» дер.
H.Altai 2:14
15
Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды.
H.Altai 2:15
16
Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Әм олар тура жолды таппады.
H.Altai 2:16
17
Олардың мысалы: (Далада) от жағып маңын жарық қылғанда, Алла олардың жарығын өшіріп, қараңғылықтарда қалдырған біреу сияқты, (бұл мысалда, екі жүзді мұнафықтар; жаққан оттары өшіп, тым-тырыс қараңғылықта қалғанға ұқсатылып отыр) олар көрмейді.
H.Altai 2:17
18
Саңырау, сақау және соқыр болып бетінен қайтпайды.
H.Altai 2:18
19
Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, найзағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Алла кәпірлерді толық баураушы.
H.Altai 2:19
20
Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды. Оларға жарық берген сәтте, олар жарықта жүреді де оларға қараңғы болған заманда, олар тұра қалады. Егер Алла қаласа, олардың есту, көру сезімдерін де жояр еді. Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші.
H.Altai 2:20
21
Әй Адам баласы! Сондай сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар.
H.Altai 2:21
22
Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан біле тұра Аллаға шерік қатпаңдар.
H.Altai 2:22
23
Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де со құсаған бір сүре келтіріңдер, Алладан өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса.
H.Altai 2:23
24
Егер оны істемесеңдер (әзір келтірмесеңдер, келешекте) сірә істей алмайсыңдар. Ендеше, отыны; адамдар, тастардан болып кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар!
H.Altai 2:24
25
иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннәттар бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі қалады.
H.Altai 2:25
26
Расында Алла шіркейді, одан да зорғыны мысал келтіруден ұялмайды. Ал мүміндер оның Раббыларынан нақ хақиқат екендігін біледі. Ал енді қарсы болғандар: «Алла, бұл мысал менен нені қалайды?»,- дейді. Алла, ол мысал менен көптегенді адастырып, әрі онымен көптегенді оңғарады. (Мысалдарға қарсы келіп адасқандар да, шындық та болады негізінде). Ол тапқандар бұзықтарды ғана адастырады.
H.Altai 2:26
27
Олар (иман келтіріп) серт бергеннен кейін Алланың уәдесін бұзады да, Алланың жалғастырылуын бұйырған нәрсесін (жақындық, бірлікті) бөледі. Сондай-ақ жер жүзінде бұзақылық істейді. Міне солар зиянға ұшыраушылар.
H.Altai 2:27
28
Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді. Сонан соң (қияметте) Оның алдына қайтарыласыңдар.
H.Altai 2:28
29
Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші.
H.Altai 2:29
30
сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,- деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,- деді. (Алла, Адамды топырақтан жаратып оған жан салды.
H.Altai 2:30