Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Meryem 1 / 98
1
Кәф Һә Иә ‘Айн Сад.
H.Altai 19:1
2
Бұл Раббыңның құлы Зәкерия (Ғ.С.) ға мәрхаметінің естелігі.
H.Altai 19:2
3
Ал бір заманда ол, Раббына құпия дауыспен жалбарынған еді.
H.Altai 19:3
4
“Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді” деді.
H.Altai 19:4
5
“Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан (мұрагер бола алмайды деп) қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр!”
H.Altai 19:5
6
“Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!”
H.Altai 19:6
7
(Алла): “Әй Зәкерия! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік.”
H.Altai 19:7
8
(Зәкерия): “Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым” деді.
H.Altai 19:8
9
“Міне солайша” деді. Бірақ Раббың: “Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің” деді.
H.Altai 19:9
10
“Раббым маған бір белгі бер” деді. (Алла): “Сенің белгің: сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың” деді.
H.Altai 19:10
11
Сонда (Зәкерия) михраптан шығып, қауымына: “Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер” деп нұсқады.
H.Altai 19:11
12
“Әй Яхия! Кітапты мықты ұста” деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік.
H.Altai 19:12
13
Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық, күнәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді.
H.Altai 19:13
14
Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді.
H.Altai 19:14
15
Оған туылған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын.
H.Altai 19:15
16
Құрандағы Мәриямды айтып бер. Сол уақытта ол, тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды.
H.Altai 19:16
17
Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рухымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді.
H.Altai 19:17
18
(Мәриям): “Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын” деді.
H.Altai 19:18
19
(Рух): “Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін” деді.
H.Altai 19:19
20
Мәриям: “Маған бір адам жұғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам” деді.
H.Altai 19:20
21
(Жебірейіл Ғ.С.): “Ол, солайша” деді. Өйткені, Раббың: “Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді” деді.
H.Altai 19:21
22
Мәриям; ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті.
H.Altai 19:22
23
Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: “Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді” деді.
H.Altai 19:23
24
(Періште) оның астыңғы жағынан: “Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты” деп дабыстады.
H.Altai 19:24
25
“Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі” (деген үн келді).
H.Altai 19:25
26
Ал енді же де, іш. Көз айым бол! Егер адамдардан біреу көрсең: “Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін” де.
H.Altai 19:26
27
Сонда баланы көтеріп еліне келді. Олар: “Әй Мәриям! Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің” деді.
H.Altai 19:27
28
“Әй һарұнның қарындасы! Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді.”
H.Altai 19:28
29
Мәриям баланы көрсетті. Олар: “Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?”,- деді.
H.Altai 19:29
30
(Бала): “Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды” деді.
H.Altai 19:30