Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
İsra 1 / 111
1
Құлын бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші.
H.Altai 17:1
2
Мұса (Ғ.С.) ға Кітап бердік те оны Исраил ұрпақтарына: “Менен өзгені ие тұтпаңдар!”,-деп жолбасшы қылдық.
H.Altai 17:2
3
Әй Нұх (Ғ.С.) пен бірге (кемеге) түсіргендеріміздің ұрпақтары! Күдіксіз ол, шүкір етуші бір құл еді.
H.Altai 17:3
4
Кітапта Исраил ұлдарына: “Әрине жер жүзінде екі рет бұзғыншылық қылып, өте тәкаппарланасыңдар” деп ескерттік.
H.Altai 17:4
5
Екі уәденің алғашқысы келген кезде, оларға, қатты жауынгер құлдарымды жібердік те олар үйлердің араларына дейін кірді. Бұл орындалатын уәде еді.
H.Altai 17:5
6
Сонсоң сендерді оларға үстем қылдық. Әрі сендерді малдар, балалар арқылы қуаттап, сан жағынан да молайттық.
H.Altai 17:6
7
Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе тән. Екінші уәделі мезгіл келген кезде; беттеріңді бұзып, қынжылту үшін және алғашқы кіргендеріндей Месжід Ақсаға кіріп, тас талқан қылулары үшін (жібердік).
H.Altai 17:7
8
Мүмкін Раббыларың мәрхамет етер. Егер қайталасаңдар, Біз де қайта жазалаймыз. Сондай-ақ жаһаннамды кәпірлерге зіндан қылдық.
H.Altai 17:8
9
Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді.
H.Altai 17:9
10
Рас ақыретке сенбегендер үшін күйзелтуші азап әзірледік.
H.Altai 17:10
11
Адам баласы жамандықты жақсылық тілегендей тілейді. Негізінен адам баласы тым шыдамсыз.
H.Altai 17:11
12
Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп, күндізді; Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын; заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені ашық баян еттік.
H.Altai 17:12
13
Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі.
H.Altai 17:13
14
“Кітабыңды оқы. Бүгін есеп беру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің” (делінді)
H.Altai 17:14
15
Кім тура жолда жүрсе, шын мәнінде өзі үшін тура жолда жүреді. Ал кім адасса, сонда ол өз зиянына ғана адасады. Ешкім басқаның күнәсін көтермейді. Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз.
H.Altai 17:15
16
Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (үкім) шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.
H.Altai 17:16
17
Нұх (Ғ.С.) тан соң ғасырлар бойы қаншалағанды жоқ еттік. Раббың құлдарының қылмыстарын білу, көруде жетіп асады.
H.Altai 17:17
18
Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз Сонсоң оны жаһаннамға саламыз. Ол, оған қорланып, мәрхаметке зақ болған түрде кіреді.
H.Altai 17:18
19
Ал кім мүмін болған түрде, ақыретті қалап, сол үшін тырысса, міне солардың тырысулары шүкірге (қабылдануға) лайық.
H.Altai 17:19
20
дүние тілеген бұларға да ақырет тілеген оларға да Раббыңның мәрхаметінен береміз. Негізінен Раббыңның берері тыйылмайды.
H.Altai 17:20
21
Олардың кейбіреулерін, кейбіреулерінен қалайша үстем қылғанымызға қара! Әрине ақырет, дәрежелер тұрғысынан тағы ірі, артықшылық жағынан да тағы зор.
H.Altai 17:21
22
Алламен бірге басқа тәңір жасама! Онда қорланған түрде отырып қаласың.
H.Altai 17:22
23
Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле.
H.Altai 17:23
24
Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”,-де.
H.Altai 17:24
25
Раббыларың іштеріңдегі нәрселерді жақсы біледі. Егер игілерден болсаңдар, негізінде Алла, бойсұнушыларды жарылқайды.
H.Altai 17:25
26
Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар.
H.Altai 17:26
27
Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңа өте қарсы.
H.Altai 17:27
28
Раббыңның мәрхаметін іздеп, үміт еткен түрде жалтақтасаң, (қолыңда болмағандықтан бере алмасаң) онда оларға сыпайы сөйле.
H.Altai 17:28
29
Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа (өте сараң болма да бір-ақ берме). Онда сөгіске ұшырап, таршылықта қаласың.
H.Altai 17:29
30
Шынында Раббың қалаған кісісіне несібесін кеңітіп, тарылтады. Күдіксіз Ол құлдарынан толық хабар алушы, көруші.
H.Altai 17:30