Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Nahl 1 / 128
1
Алланың әмірі келді. Сондықтан оның тез келуін тілемеңдер. Алла, олардың қосқан серіктерінен пәк те жоғары.
H.Altai 16:1
2
Алла періштелерді өз әмірлерінен бір рухпенен (уахименен) құлдарынан қалағанына: “Рас Менен басқа ешбір Тәңір жоқ. Әрі менен қорқыңдар” деп ескертіңдер делінген түрде түсіріледі.
H.Altai 16:2
3
Ол көктерді және жерді шындықпен жаратты. Олардың қосқан cеріктерінен жоғары.
H.Altai 16:3
4
Адам баласын бір тамшы судан жаратты. Сонда да ол ашық жанжалшыл.
H.Altai 16:4
5
Тағы малдарды жаратты. Малдарда сендерді жылытатын және басқа пайдалы заттар бар. Әрі олардан жейсіңдер.
H.Altai 16:5
6
Сендер үшін малдарды қоралаған уақытта және өргізген кезде, бір зауық бар.
H.Altai 16:6
7
Малдар жандарың қиналып, ерең қалаға жеткізетін жүктеріңді көтереді. Рас Раббыларың өте жұмсақ, ерекше мейірімді.
H.Altai 16:7
8
Жылқыларды, қашарларды және есектерді мінулерің әрі зейнет үшін жаратты. Және сендердің білмеген нәрселеріңді де жаратты.
H.Altai 16:8
9
Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар. Егер Алла қаласа, барлығыңды тура жолға салар еді.
H.Altai 16:9
10
Ол сондай Алла, сендерге көктен жаңбыр жаудырып, одан сусын және ол арқылы малдарыңды жаятын орман шығарды.
H.Altai 16:10
11
Алла, сендерге су арқылы егін, зәйтін, құрма ағаштары, жүзімдер және бүкіл өсімдіктер өсіреді. Шын мәнінде, түсінетін ел үшін әрине белгілер бар.
H.Altai 16:11
12
Ал сендер үшін түнді, күндізді әрі айды, күнді істетті. Жұлдыздар да Оның әміріне бағынысты. Шын мәнінде, ойланған қауым үшін әлбетте белгілер бар.
H.Altai 16:12
13
Сендер үшін жер жүзінде түрлі-түсті не жаратқан болса, шын үгіт алатын қауым үшін әлбетте үлгі бар.
H.Altai 16:13
14
Және де Ол, сондай Алла, жас ет жеулерің үшін және киініп, тағынатын сәндік-бұйымдар шығаруларың үшін теңізді бағындырды. Алладан ризық іздеулерің үшін кеменің суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шүкірлік етесіңдер.
H.Altai 16:14
15
Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар тауларды орналастырды. Жөн тауып жүрулерің үшін өзендер, жолдар жаратты.
H.Altai 16:15
16
Олар жол тауып жүретін белгілер және жұлдыздар (жаратты).
H.Altai 16:16
17
Жаратушы біреу, жарата алмайтын біреумен тең бе? Енді де түсінбейсіңдер ме?
H.Altai 16:17
18
Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Рас, Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
H.Altai 16:18
19
Алла (Т.) жасырын және көрнеу не істегендеріңді біледі.
H.Altai 16:19
20
Сондай Алладан басқа жалбарғандары еш нәрсені жарата алмайды. Олар жаратылғандар.
H.Altai 16:20
21
Олар өлі, тірі емес. Сондай-ақ қашан тірілетіндерін білмейді.
H.Altai 16:21
22
Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондай ақыретке нанбаушылардың жүректері қарсы. Сондай олар менменсушілер.
H.Altai 16:22
23
Дау жоқ! Алла, олардың жасырғандарын көрнеу істегендерін біледі. Расында Алла өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді.
H.Altai 16:23
24
Қашан оларға: “Раббыларың не түсірді?”,-делінсе: “Бұрынғылардың ертегілері!”,- дейді.
H.Altai 16:24
25
Өстіп олар қиямет күні, өз күнәларының кейбіреуін көтереді. Байқаңдар! Үстіне алған нәрселері нендей жаман.
H.Altai 16:25
26
Расында бұлардан бұрынғылар да айлакерлік істеген. Сондықтан Алла, олардың құрылыстарының ірге тастарынан келіп, төбесі жоғарыдан үстеріне құлады. Сондай-ақ оларға аңғармаған жерден апат келді.
H.Altai 16:26
27
Сонсоң қиямет күні Алла оларды қорлайды да: “Сендердің сол жайында таласқан ортақтарым қайда?”, – дейді.
H.Altai 16:27
28
Сондай өздеріне зұлымдық еткендердің періштелер жандарын аларда: “Ешбір жамандық істемеп едік” деп мойынсал болады. Олай емес. Рас Алла сендердің істегендеріңді жақсы біледі.
H.Altai 16:28
29
Сондықтан ішінде мүлдем қалатын жаһаннамның есіктерінен кіріңдер. Өзін жоғары санағандардың орны нендей жаман.
H.Altai 16:29
30
Сондай Алладан қорыққандарға: “Раббыларың не түсірді?”,- делінсе, олар: “Игілік” дейді. Сондай-ақ жақсылық істегендерге бұл дүниеде жақсылық бар. Әрине ақырет жұрты тағы жақсы. Әлбетте тақуалардың қонысы нендей жақсы.
H.Altai 16:30