Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Hicr 1 / 99
1
Әлиф Ләм Ра. Бұлар Кітаптың, ап-ашық Құранның аяттары.
H.Altai 15:1
2
Кейде сондай қарсы болғандар да: “Әттең! Мұсылман болсақ еді” деп арман қылады.
H.Altai 15:2
3
оларды қойып қой. Жесін, пайдалансын; дәмелері айналдырсын. Олар жуықта түсінеді.
H.Altai 15:3
4
Ешбір жұртты, белгілі бір мерзімсіз әсте жоқ етпедік.
H.Altai 15:4
5
Ешбір үммет ажалын ілгерлете алмайды да, кейіндете алмайды.
H.Altai 15:5
6
(Кәпірлер Пайғамбарға): “Әй өзіне үгіт (Құран) түсірілген! Сен анық жындысың” деді.
H.Altai 15:6
7
“Егер сен шыншылдардан болсаң періштелерді неге әкелмейсің?”
H.Altai 15:7
8
Періштелерді бір шындық түрінде ғана түсіреміз де сол уақытта оларға мұрса берілмейді.
H.Altai 15:8
9
Расында Құранды Біз қорғаушымыз.
H.Altai 15:9
10
Расында сенен бұрын алғашқы топтарға да елші жібердік.
H.Altai 15:10
11
Оларға келген пайғамбарды, олар мүлде тәлкек қылар еді.
H.Altai 15:11
12
Осылайша (мазақтаған нәрсесін) күнәкарлардың жүректеріне кіргіземіз.
H.Altai 15:12
13
Сонда да олар оған сенбейді. Расында бұрынғылар да сөйтіп өткен болатын.
H.Altai 15:13
14
Егер оларға көктен бір есік ашсақ, дереу жоғары шығып бара жатса:
H.Altai 15:14
15
“Расында көздеріміз байланды. Бәлкім біздер жадыланған елміз” деседі.
H.Altai 15:15
16
Расында біз көкте жұлдыздар жаратып, қараушылар үшін аспанды безедік.
H.Altai 15:16
17
Сондай-ақ ол көкті, бүкіл қарғыс тиген шайтаннан қорғадық.
H.Altai 15:17
18
Дегенмен кім ұрлықшылап тыңдаса, оны жарық ұшқын қуады.
H.Altai 15:18
19
Тағы жерді жайдық та оған асқар таулар орналастырдық. Сондай-ақ ол жердегі әр нәрсені мәлім мөлшерде өсірдік.
H.Altai 15:19
20
Және жерде сендер үшін де, сендер ризық бере алмайтындар үшін де күн көріс жасадық.
H.Altai 15:20
21
Өйткені, біздің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз.
H.Altai 15:21
22
Пайдалы желдерді жібердік те аспаннан жаңбыр жаудырып, сендерді сонымен сусындаттық. Әйтпесе, сендер оны жинап ала алмайсыңдар.
H.Altai 15:22
23
Күдіксіз біз тірілтеміз де, өлтіреміз. Сондай-ақ барлығының мұрагері бізбіз.
H.Altai 15:23
24
Расында сендерден бұрын келгендерді де білеміз. Сондай-ақ кейінгі келетіндер де бізге мәлім.
H.Altai 15:24
25
сөз жоқ, Раббың оларды (қияметте) жинайды. Өйткені Ол, хикмет иесі, толық білуші.
H.Altai 15:25
26
Расында адамды бейнеленген қара балшықтың сыңғырлап құрғағанынан жараттық.
H.Altai 15:26
27
Жындарды да (адамнан бұрын) түтінсіз оттан жаратқан едік.
H.Altai 15:27
28
сол уақытта Раббың періштелерге: “Бейнеленген қара балшықтың кеуіп, сыңғырлағанынан Адам жаратамын” деді.
H.Altai 15:28
29
Оның жаратылысын тамамдап, оған рухымнан үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар!
H.Altai 15:29
30
Сонда періштелер тұтас сәжде қылды.
H.Altai 15:30