Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
İbrahim 1 / 52
1
Әлиф Ләм Ра. Бұл Құран адамдарды, Алланың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ үстем әрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап.
H.Altai 14:1
2
Ол сондай Алла, көктердегі және жердегі нәрселер Онікі. Кәпірлерге болатын қатты азаптан нендей өкініш!
H.Altai 14:2
3
Олар, сондай ақыретке қарағанда, дүние тіршілігін жақсы көреді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосып, оның қисаюын қалайды. Осылар, ұзақ қаңғырыста.
H.Altai 14:3
4
Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да, кімді қаласа, тура жолға салады. Ол, өте үстем, аса дана.
H.Altai 14:4
5
Расында Мұса (Ғ.С.) ны: “Еліңді қараңғылықтардан жарыққа шығар. Алланың күндерін ескерт” деп, мұғжизалармен жібердік. Шәксіз мұнда; бейнетке сабыр етіп, нығметке шүкіршілік етушілер үшін өнегелер бар.
H.Altai 14:5
6
Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) еліне: “Алланың сендерге берген ырысын еске алыңдар. Өйткені, сендерді Перғауынның сыбайластарынан құтқарды. Олар, сендерді жаман қинаумен ұстаушы еді. Ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қоятын еді. Міне, бұнда сендерге, Раббыларың тарапынан үлкен сынау бар.”
H.Altai 14:6
7
Сол уақытта Раббыларың: “Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты” деп жариялады.
H.Altai 14:7
8
Мұса (Ғ.С.): “Сендер және біртұтас жер жүзіндегі әркім қарсы келсеңдер де Алла анық мұңсыз, мақтауға лайық.”
H.Altai 14:8
9
Сендерге өздеріңнен бұрынғы Нұх, Ғад, Сәмүд және сондай-ақ олардан кейінгілердің хабары келмеді ме? Оларды Алла ғана біледі. Оларға пайғамбарлары мұғжизалармен келген еді. Олар саусақтарын ауыздарына апарып (бармақтарын тістеп): “Шынында біз сендер арқылы жіберілген нәрсеге қарсымыз. Сондай-ақ сен бізді шақырған нәрсеге, әлбетте шәкте және күдіктіміз” деді.
H.Altai 14:9
10
Олардың пайғамбарлары: “Көктер мен жерді жаратушы Алла жайында күмәнданасыңдар ма? Ол күнәларыңды жарылқауға және сендерді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіруге (кеңшілік етуге) шақырады” деді. (Олар пайғамбарларына): “Сендер де біздей-ақ адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыздың табынған нәрселерінен тосқыларың келе ме? Бізге ашық бір дәлел келтіріңдер” деді.
H.Altai 14:10
11
Пайғамбарлары оларға: “Әрине біз сендер құсаған адам баласымыз. Бірақ Алла (Т) құлдарынан кімді қаласа, соны сыйлыққа бөлейді. Алладан бұйрықсыз біздің сендерге бір мұғжиза келтіруіміз мүмкін емес. Мүміндер Аллаға ғана тәуекел етсін” деді.
H.Altai 14:11
12
“Расында, бізге тура жолдарымызды көрсеткен Аллаға сенім артпайтын не болды? Бізге тарттырған жапаларыңа әлбетте сабыр етеміз. Ендеше, Аллаға сенім артушылар тәуекел етсін” (деді).
H.Altai 14:12
13
Ал қарсы болғандар пайғамбарларына: “Әлбетте сендерді жерімізден шығарамыз немесе дінімізге қайтасыңдар” деді. Сондықтан оларға, Раббылары: “Әлбетте залымдарды типыл қыламыз” деп уахи етті.
H.Altai 14:13
14
“Әлбетте ол жерге олардан кейін сендерді орналастырамыз. Бұл құзырымнан сескеніп, ескертуімнен қорыққандығы үшін…”
H.Altai 14:14
15
(Пайғамбарлар) Алладан көмек тіледі де зорекер қасарысқанның барлығы зиянға ұшырады.
H.Altai 14:15
16
Оларға оның артынан тозақ бар. Және іріңнің суы ішкізіледі.
H.Altai 14:16
17
Оны жұтуға тырысады, оны тамағынан өткізе алмайды. Сондай-ақ оған әр тараптан өлім келеді. Ол өле алмайды. Тағы оның артынан ауыр азап келеді.
H.Altai 14:17
18
Сондай Раббыларына қарсы келгендердің амалдарының мысалы; Боранды күнде жел ұшырған күл сияқты. Еңбектерінен ешбір пайда көре алмайды. Міне! Осы, ұзақ қаңғырыс.
H.Altai 14:18
19
Алланың көктер мен жерді шындық бойынша жаратқанын көрмедің бе? Егер қаласа, сендерді кетіріп, жаңадан халық келтіреді.
H.Altai 14:19
20
Бұл Алла (Т.) ға елеулі жұмыс емес.
H.Altai 14:20
21
Барлығы Алланың құзырына шығып, сонда нашарлары, үлкенсігендерге: “Біз сендерге еріп едік. Ал сендер, бізден Алланың азабынан еш нәрсе кетіре аласыңдар ма?”, – дейді. Олар: “Алла бізді егер оңғарған болса еді, әрине біз де сендерді оңғарар едік. Енді біз бай-байласақ та шыдасақ та бәрі бір. Құтылар жеріміз жоқ” дейді.
H.Altai 14:21
22
Іс біткен заман шайтан: “Расында Алла сендерге шындықты уәде етті. Сондай-ақ мен де сендерге уәде етіп, опасыздық еттім. Негізінде, сендерді шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді. Сонда да шақыруымды қабыл алдыңдар. Ендеше, мені сөкпеңдер де өздеріңді сөгіңдер. Мен сендерді құтқара алмаймын. Сондай-ақ сендер де мені құтқара алмайсыңдар. Расында, бұрыннан да мені Аллаға ортақ қосуларыңа қарсы едім” дейді. Сөз жоқ залымдарға жан түршігерлік азап бар.
H.Altai 14:22
23
Сондай иман келтіріп ізгі іс істегендер, Раббыларының рұқсатымен ішінде мәңгі қалатын, астынан өзендер ағатын жаннаттарға кіргізіледі. Олардың жаннаттағы амандасулары “сәлем” болады.
H.Altai 14:23
24
көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді.
H.Altai 14:24
25
Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша, әр уақыт жемісін береді. Алла (Т.) адам баласына насихат алуы үшін мысал келтірді.
H.Altai 14:25
26
Ал енді (Аллаға серік қатылған) жаман сөз, жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты.
H.Altai 14:26
27
Алла (Т.) сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де, ақыретте де мықты сөзбен бекітеді. Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын істейді.
H.Altai 14:27
28
сондай Алланың нығметтеріне шүкір етуді, қарсы болуға ауыстырған және қауымдарын, құритын жұртқа итергендерді көрмейсің бе?
H.Altai 14:28
29
Олардың жұрты жаһаннам нендей жаман орын.
H.Altai 14:29
30
Олар, жолдан адастыру үшін Аллаға теңдестер жасайды. Оларға: “Күн көре тұрыңдар! Қайтар орындарың тозақ” де.
H.Altai 14:30