Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Rad 1 / 43
1
Әлиф Ләм Мим Ра. Бұл Құранның аяттары. саған Раббың тарапынан түсірілген ақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.
H.Altai 13:1
2
Ол сондай Алла, көктерді тірексіз көтерді; көріп тұрсыңдар. Сонсоң ғаршыны меңгеріп, күн мен айды іске қосты. Олардың әрбірі бір белгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді Ол, жолға қойып, аяттарды ашық баян етеді. Әрине Раббыларыңа кездесетіндеріңе нанарсыңдар.
H.Altai 13:2
3
Тағы Ол сондай Алла, жерді төсеп, онда асқар таулар, өзендер жаратты. Әрі онда әртүрлі жемістерден екіден жұп етті. Түнді күндізге жабады. Шынында бұнда ойланатын қауым үшін дәлелдер бар.
H.Altai 13:3
4
Жер жүзінде көршілес құрылықтар, жүзім бақшалары, егіндер және ашалы, ашасыз құрманың ағаштары бар. Бәрі бір сумен суарылады да жемістерін бір-бірінен арылтамыз. Сөз жоқ, бұнда түсінген ел үшін дәлелдер бар.
H.Altai 13:4
5
егер таңғалсаң олардың: “Біз бір топырақ болған кезде, жаңадан жаратыламыз ба?”, – деген сөздеріне таңырқау керек. Міне бұлар Раббыларына қарсы болғандар. Әрі бұлар мойындарында темір шынжырлар болатындар. Сондай-ақ бұлар тозақтықтар. Олар онда мәңгі қалады.
H.Altai 13:5
6
(Мұхаммед Ғ.С. ажыуа түрінде) олар сенен жақсылықтан бұрын жедел жамандық тілейді. Расында бұлардан бұрын ғибрат аларлық мысалдар өткен болатын. Шәксіз Раббың, адам баласының зұлымдықтарына қарсы жарылқау күшіне ие. Сондай-ақ Раббыңның азабы да қатты.
H.Altai 13:6
7
Сондай қарсы болғандар: “Оған Раббыңнан бір мұғжиза неге келмейді?”-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.
H.Altai 13:7
8
Алла (Т.) әр ұрғашы жыныстың неге жүкті болғандығын және жатырлардың нені кемітіп, нені арылтқанын (нені туып, нені қойғанын) біледі. Оның жанында әр нәрсе өлшеулі.
H.Altai 13:8
9
(Ол) көместі, көрнеуді білуші. Аса ұлы, өте жоғары.
H.Altai 13:9
10
Сендерден кім сөзді жасырса да жарияласа да және кім түнде жасырынып, күндіз шықса да Аллаға бәрі бірдей.
H.Altai 13:10
11
Әркімнің алды-артынан Алланың әмірі бойынша, өкшелеп, қорғаушы (періштелер) бар. Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді. Сондай-ақ егер Алла, бір қауымға бейнет тілесе, Сонда оны ешбір қайтарушы жоқ. Әрі олар үшін Алладан өзге бір жәрдемші де жоқ.
H.Altai 13:11
12
Ол сондай Алла, сендерге қорқу және үміт түрінде найзағайды көрсетіп, жаңбыр толы ауыр бұлттарды пайда қылады.
H.Altai 13:12
13
Көктің гүрілі дәріптеп, періштелер қорқып, Алланы пәктейді. Алла, найзағайларды жіберіп, қалағанына тигізеді. Олар, Алла жайында таласады. Негізінде Алла, орасан күшке ие.
H.Altai 13:13
14
Шынайы тілек Аллаға тән. Олардың Алладан өзге тілегендері, оларға ешбір жауап бермейді. Олар судың ауыздарына келуі үшін алақандарын жайған тәрізді. Тіпті су оған жетіп келмейді. Өйткені, кәпірлердің тілегі мүлде қаңғырыс.
H.Altai 13:14
15
Көктердегі және жердегі әркім әрі көлеңкелері, ерікті, еріксіз түрде ертелі-кеш Аллаға сәжде қылады.
H.Altai 13:15
16
олардан: “Көктер мен жердің Раббы кім?”, – деп сұра да: “Алла!”, – деп жауап бер. “Алланы қойып, тіпті өздеріне де пайда, зиян келтіре алмайтындарды ие қылып алдыңдар ма?”, – де. “Көрмейтін мен көретін немесе жарық пен қараңғылықтар тең бе?”, – де. Я болмаса, олар Аллаға, Оның жаратқанындай жарататын жаратулары, Алланың жаратуына ұқсас ортақтар қоса ма? (Оларға) айт: “Әр нәрсені жаратушы Алла. Ол жалғыз, аса өктем”.
H.Altai 13:16
17
Ол көктен жаңбыр жаудырды да ойпаттар өз өлшеуі бойынша сел болып, көпірген көбікті қалқытып ақты. Сондай-ақ сәндік-бұйым немесе аспап жасау үшін оған от жағып, еріткен металдарда да сондай көбік болады. Алла ақиқат пен жасандыны осылайша мысалдайды. Ал енді көбік кеуіп, ұшып кетеді де адам баласы пайдаланатын нәрсе жер бетінде тұрып қалады. Осылайша Алла мысал береді.
H.Altai 13:17
18
Раббыларына бағынғандар үшін игілік бар. Ал Оған бағынбағандар, егер біртұтас жер жүзіндегі нәрселер және онымен бірге тағы сондай нәрсе олардікі болса да (өздерін құтқару үшін) төлеуге берер еді. Міне солар үшін есептің жаманы болады. Олардың орындары тозақ; нендей жаман орын.
H.Altai 13:18
19
шын мәнінде Раббың тарапынан саған түсірілгенді шындық деп білген кісі, соқыр кісімен тең бе? Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.
H.Altai 13:19
20
Олар, сондай Алланың уәдесін орындағандар әрі серттерін бұзбағандар.
H.Altai 13:20
21
Олар, Алланың жалғастырылуын әмір еткен нәрсесін жалғастырып, Раббыларынан қорқа отырып, есебінің жаман болуынан қауіптенгендер.
H.Altai 13:21
22
Раббыларының ризалығын іздеп, сабыр еткендер, намазды толық орындап, өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес пайдаландырғандар және жақсылық арқылы жамандықты кетіргендер, міне ақырет жұртының табысы солардікі.
H.Altai 13:22
23
Олар Ғадын атты жаннаттарға кіреді. Аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, олар да кіреді. Періштелер әр есіктен олардың үстіне кіреді.
H.Altai 13:23
24
“Сабыр еткендіктерің үшін, Алланың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы” (дейді).
H.Altai 13:24
25
Сондай, Аллаға берген серттерін бекіткеннен кейін бұзғандар және Алланың, бірлесуін бұйырған нәрселерді бөлгендер әрі жер жүзінде бұзақылық істегендер, міне лағынет осыларға. Сондай-ақ мекеннің жаманы солардікі.
H.Altai 13:25
26
Алла (Т.) қалаған кісісінің несібесін кеңітіп, тарылтады. Олар, дүние тіршілігіне мәз болды. Негізінде дүние тіршілігі; ақыреттің жанында тек қана бір күн көріс.
H.Altai 13:26
27
Қарсы болғандар: “Пайғамбарға, Раббы тарапынан бір белгі неге түсірілмеді?”, – дейді. “Расында Алла, кімді қаласа адастырады да өзіне бұрылғанды тура жолға салады” де.
H.Altai 13:27
28
Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады.
H.Altai 13:28
29
Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, шаттық та көркем орын да солардікі.
H.Altai 13:29
30
осылайша, саған уахи еткенімізді, Аллаға қарсы келгендерге оқуың үшін бір елге жібердік. Одан бұрын да көптеген елдер өткен болатын. Оларға: “Ол, менің Раббым, Одан басқа тәңір жоқ. Оған тәуекел қылдым. Қайтар жерім де Сол” де.
H.Altai 13:30