Ana SayfaMealler › H.Altai
HA

H.Altai

H.Altai
H.Altai meali ile okumaya başla
Yusuf 1 / 111
1
Әлиф Ләм Ра. Бұлар ап-айқын Құранның аяттары.
H.Altai 12:1
2
Расында біз мұны Арапша Құран түрінде түсірдік, әрине түсінерсіңдер.
H.Altai 12:2
3
саған бұл Құранды уахи етуімізбен өзіңе қиссалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде сен бұдан бұрын әрине хабарсыз едің.
H.Altai 12:3
4
Сол уақытта Юсып (Ғ.С.) әкесіне: “Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім” деді.
H.Altai 12:4
5
(Яғқұп Ғ.С.): “Әй балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында шайтан адам баласына ашық дұшпан” деді.
H.Altai 12:5
6
“Міне осылайша Раббың сені ұнатады. Саған түстердің жоруын үйретеді. Бұрыңғы аталарың Ыбырайым, Ысхақ (Ғ.С.) тарға нығметтерін тамамдағандай саған және Яғқұп (Ғ.С.) ұрпағына нығметін толықтастырады. Шәксіз Раббың толық білуші, хикмет иесі”
H.Altai 12:6
7
Расында Юсып туыстарының киссасында сұраушылар үшін өнегелер бар.
H.Altai 12:7
8
Сол уақытта туыстары: “Юсып және туысы, (Бінямын) әкемізге бізден жақсы көрінеді. Біз болсақ мықты бір топпыз. Дау жоқ, әкеміз ашық адасуда” деді.
H.Altai 12:8
9
Олардан бір айтушы: “Юсыпты өлтіріңдер немесе бір жерге апарып тастаңдар. Өздеріңе әкелеріңнің алды бос қалды. Артынан да түзу бір топ боларсыңдар” деді.
H.Altai 12:9
10
Іштерінен тағы бір айтушы: “Егер менің айтқанымды істейтін болсаңдар, Юсыпты өлтірмеңдер де оны бір құдықтың түбіне тастаңдар. Кейбір жүргінші тауып алар” деді.
H.Altai 12:10
11
Олар: “Әй әкеміз! Юсып туралы бізге сенбейтін саған не болды? Әрине оған қамқормыз” десті.
H.Altai 12:11
12
“Ертең оны бізбен бірге жібер. Тамақтансын, ойнасын. Расында біз оны қорғаушымыз” десті.
H.Altai 12:12
13
(Яғқұп Ғ.С.): “Расында сендердің оны алып кетулерің маған уайым салады. Әрі сендер оған кәперсіз қалып, оны қасқыр жеуінен қорқамын” деді.
H.Altai 12:13
14
Олар: “Біз мықты бір топ бола тұра оны қасқыр жесе, әрине сол уақытта зиянға ұшыруашылардан болармыз” десті.
H.Altai 12:14
15
Сонда олар, Юсыпты алып кеткен кезде, бәрі оны құдықтың түбіне тастауға бірлесті. Оған: “Туыстарыңа әлбетте осы істеріңнің хабарын бересің. Олар сезбейді” деп уахи еттік.
H.Altai 12:15
16
Олар іңірде әкелеріне жылап келді.
H.Altai 12:16
17
“Әй Әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Юсыпты нәрселеріміздің жанына тастап кетсек, сонда оны қасқыр жепті. Енді шын айтсақ та, бізге сенбейсің ғой” десті.
H.Altai 12:17
18
Сондай-ақ олар оның жейдесіне өтірік қан жағып әкелді. Әкелері: “Олай емес! Сендерге нәпсілерің бір істі жақсы көрсеткен екен. Енді көркем сабыр керек. Айтқандарыңа Алладан жәрдем тіленеді” деді.
H.Altai 12:18
19
Бір жүргінші келіп, дереу сушыларын жіберді; ол қауғасын салып: “Ой сүйінші! Міне бір еркек бала” деді. Олар оны сауда малы етіп, жасырып қойды. Алла, олардың не істегендерін толық біледі.
H.Altai 12:19
20
Олар оны кем бағаға бірнеше теңгеге сатып жіберді. Өйткені, Олар Юсыпқа ынтық емес еді.
H.Altai 12:20
21
Мысырдағы оны сатып алған кісі әйеліне: “Орнын құрметтеп жақсы бақ. Мүмкін бізге пайдасы тиер немесе бала қып алармыз” деді. Осылайша Юсыпты ол жерге орналастырып, оған түстердің жоруын үйреттік. Алла өз ісіне өктем, бірақ адамдардың көбі білмейді.
H.Altai 12:21
22
Ол ержеткенде, оған даналық, білім бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлаймыз.
H.Altai 12:22
23
Юсып тұрған үйдің әйелі (Зілиха), оның көңлін өзіне тартпақшы болды да есіктерді бекітті: “Қане кел бері!”, – деді. Юсып (Ғ.С.): “Аллаға сиынамын. Ол (ерің) қожайыным, мені жақсы орынға қойды. Шынында залымдар құтылмайды” деді.
H.Altai 12:23
24
Расында әйел одан ой қылды. Егер Раббыңның дәлелін көрмесе, Юсып та одан ой қылған болар еді. Юсыптан жамандық, арсыздықты бұруымыз үшін өстідік. Өйткені, ол ықыласты құлдарымыздан еді.
H.Altai 12:24
25
Екеуі есікке жүгірді де әйел, оның жейдесін арт жағынан жыртып алып қалды. Екеуі есік алдында әйелдің қожайынына кездесіп қалып, әйел еріне: “Сенің жұбайыңа жамандық ойлаған біреудің жазасы сөзсіз абақты немесе жан түршігерлік азап” деді.
H.Altai 12:25
26
Юсып (Ғ.С.): “Ол, көңлімді өзіне тарпақшы болды” деді. Әйел жағынан бір айғақ: “Егер Юсыптың жейдесі алдынан жыртылса, әйел шын айтты да ол, өтірікшілерден болады”
H.Altai 12:26
27
“Оның жейдесі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да Ол, шыншылдардан” деп куәлік берді…
H.Altai 12:27
28
Сонда оның жейдесінің арт жағынан жыртылғанын көрген ері: “Міне бұл, әйелдер, сендердің қулықтарың. Расында сендердің амалдарың үлкен” деді.
H.Altai 12:28
29
“Юсып, мұны қоя сал! Ханым, сен күнәң үшін жарылқану тіле! Расында сен қателесушілерденсің!”-(деді).
H.Altai 12:29
30
Қаладағы қатындар: “Бастықтың әйелі жігітінен көңілі қыпты. Расында біз оны ашық адасушы көреміз” деп өсектеді.
H.Altai 12:30