1
Әлиф Ләм Ра. Бұл аяттары бекітілген бір Кітап. Сонсоң аса дана, толық білуші тарапынан ашық баян етілген.
2
Алладан басқаға әсте құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге Оның тарапынан қорқытушы, қуандырушымын.
3
Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң Оған тәубе етіңдер. Ол сендерді белгілі бір мерзімге дейін көркем түрде пайдаландырады да, әрбір мәрхамет иесіне артық сыйлық береді. Егер жалтайсаңдар, расында сендер туралы ұлы күннің азабынан қорқамын.
4
Қайтар жерлерің Алла жақ. Ол, әр нәрсеге күші жетуші.
5
Естеріңде болсын. Олар, Одан жасырыну үшін кеуделерін бұрады! Біліңдер! Олар киімдерін бүркенген кезде де, Алла көрнеу, көмес істеген нәрселерін біледі. Расында Ол, көкіректегілерді толық білуші.
6
Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі Аллаға ғана тән. Ол, олардың тұрақты, тұрақсыз орындарын біледі. Барлығы ашық бір Кітапта.
7
Ол Алла, қайсыларың жақсы амал істейді деп, сынау үшін көктер мен жерді алты күнде жаратты. Оның ғаршысы су үстінде еді… (Ғаршыдан кейін су жаратылған). оларға: “Егер сендер өлгеннен кейін тірілесіңдер” десең, кәпірлер: “Мынау ашық жадыдан басқа дәнеңе емес” дейді.
8
Егер олардан азапты белгілі бір мерзімге дейін кешіктірсек, әрине олар: “Оны не тосты?”,- дейді. Сақ болыңдар! Оларға азап келген күні солардан қайтарылмайды. Олардың мазақ қылған нәрселері бастарына жетеді.
9
Егер біз адам баласына мәрхамет нәсіп етіп, сонан кейін оны одан алсақ, сөзсіз ол мүлде күдер үзіп, өте қарсы келеді.
10
Алайда оған тиген зияннан кейін, нығметтерімізді таттырсақ, әрине: “Ол жамандықтар менен кетті” деп, күдіксіз ол қуанып, мақтанады.
11
Бірақ сабыр етіп, ізгі іс істегендер, міне солар үшін жарылқау және зор сауап бар.
12
бәлкім сен олардың: “Оған қазына неге түсірмейді? Яки онымен бірге періште неге келмейді?”,- деулеріне көңлің тарайып, уахи етілген нәрсенің кейбірін тастауың ықтимал. Шынында сен бір ескертушісің. Алла әр нәрсеге кепіл.
13
Немесе олар: “Құранды өзі жасады” дей ме? оларға: “Егер айтқандарың шын болса, Алладан өзге көмекке шақыра алатындарыңды шақырыңдар да сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер” де.
14
“Егер ол шақырғандарың сендерге жауап бермесе, онда біліңдер, шын мәнінде бұл Құран Алланың білімімен түсірілген әрі Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ал енді де бой ұсынбайсыңдар ма?”,- де.
15
Кім дүние тіршілігін әрі оның зейнетін қаласа, дүниеде олардың еңбектерін толық береміз; сондай-ақ олар кемшілікке ұшыратылмайды.
16
Соларға ақыретте тозақ отынан басқа еш нәрсе жоқ. Дүниедегі жасағандары жойылып кетті. Негізінде олардың істегендері босқа.
17
Раббынан ашық бір дәлелі болған және оған жалғас куәсы да болған сондай-ақ бұрынғы жетекші әрі игілік түріндегі Мұса (Ғ.С.) ның Кітабына ие болған кісілер, міне солар, Құранға сенгендер. Әрқандай топтардан кім Құранға қарсы келсе онда оның уәделі орны от. сен де одан күдікте болма. Расында Құран, Раббың тарапынан бір ақиқат. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.
18
Аллаға өтірік жала жапсырғаннан кім залымырақ. Міне бұлар, Раббыларының құзырына шығарылады. Сондай-ақ айғақтары да: “Міне бұлар, Раббыларына өтірік айтқандар” дейді. Естеріңде болсын! Алланың қарғысы залымдарға тән.
19
Олар сондай Алланың жолынан тосады да оны қисайтуға тырысады. Тағы олар ақыретке қарсы келушілер.
20
Бұлар жер жүзінде Алланы нашарлата алмайды. Әрі олардың Алладан өзге жәрдемшілері жоқ. Оларға азап еселеніп отырады. Өйткені, олар ести алмайды да көре алмайды.
21
Міне солар, өздеріне зиян етеді. Жасама Тәңірлері олардан безіп жоқ болады.
22
Күдіксіз олар, ақыретте өте зиянға ұшырағандар.
23
Дау жоқ, иман келтіріп ізгі іс істегендер, Раббыларына бой ұсынғандар, олар жаннаттық. Олар, онда мәңгі қалады.
24
(Кәпір, Мұсылман) екі топтың мысалы: саңырау мен естуші тәрізді. Мысал тұрғысынан екеуі тең бе? Түсінбейсіңдер ме?
25
Әрине біз Нұх (Ғ.С.) ты қауымына жібердік: “Мен сендер үшін ап-ашық бір ескертушімін.”
26
“Аллаға ғана ғибадат қылыңдар, шынында мен сендерге, күйзелтуші күннің азабынан қорқамын” деді.
27
Елінің қарсы келген бастықтары: “Біз сені өзіміз тәрізді ғана адам көреміз, саған тар көзқарасты қорларымыздан басқанын ергенін көрмейміз. Сондай-ақ сендердің бізге бір артықшыларыңды көрмейміз. Тіпті сендерді өтірікші деп ойлаймыз” деді.
28
Нұх (Ғ.С.): “Әй елім! Көрдіңдер ме? Раббым тарапынан ашық бір дәлел үстінде болсам және Ол, өз қасынан бір мәрхамет еткен болса, ал ол, сендерге көрінбесе, сондай-ақ сендер оны жек көрсеңдер де сендерге оны зорлап қабылдата аламыз ба?” деді.
29
“Әй елім! Сендерден мал сұрамаймын. Жалақым Аллаға ғана тән. Сондай-ақ иман келтіргендерді қуалаушы емеспін. Өйткені, олар Раббыларына жолығушылар. Бірақ мен сендерді надан көремін”.
30
“Әй елім! Егер мен оларды қуаласам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдер ме?”
Sonraki 30 ayet →