1
Әлиф Ләм Ра. Міне бұлар, терең сырлы Құранның аяттары.
2
Іштерінен бір кісіге: «Адамдарды қорқыт! Иман келтіргендерді Раббыларының қасында олар үшін жоғары орын барлығын сүйіншіле!»,- деп уахи қылғанымызға бұл адамдар таңырқай ма? Кәпірлер: «Шынында бұл ашық жады» деді.
3
Раббыларың сондай Алла көктер мен жерді алты түнде жаратты. Сонсоң ғаршыны меңгеріп, істі басқарды. Оның рұқсатынсыз ешбір шапағатшы жоқ. Міне Осы Алла, Раббыларың. Ендеше Оған құлшылық қылыңдар! Сонда да түсінбейсіңдер ме?
4
Біртұтас барар жерлерің сол тарап. Сондай-ақ Алланың уәдесі хақ. Күдіксіз Ол, бастап жаратады (Жоқтан бар етеді). Сонсоң иман келтіріп, ізгі іс істегендерге әділдікпен сыйлық беру үшін оны қайта тірілтеді. Сондай-ақ кәпірлер үшін қарсы болғандықтары себепті қайнап тұрған судан сусын әрі күйзелтуші азап бар.
5
Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да оған (айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар белгіледі. Алла, бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла, білетін ел үшін; аяттарын ашық-ашық баян етеді.
6
Расында түн мен күннің ауысып келуінде және Алланың көктер мен жердегі жаратқан нәрселерінде әрине сақтанатын ел үшін дәлелдер бар.
7
Расында сондай бізге жолығуларын үміт етпегендер және дүние тіршілігіне мәз болып сонымен көңілдері жай тапқандар, міне солар, аяттарымыздан хабарсыз.
8
Осылардың істеген күнәлары себепті орындары тозақ.
9
Расында сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің имандары себепті Раббылары, оларды астарынан өзендер ағатын Нағым жәннәтінің жолына салады.
10
Олардың ондағы дұғалары: «Әй Алла! Пәксің» әрі олардың ондағы амандасулары: «Сәлем» және олардың дұғаларының соңы: «Барлық мақтау әлемдердің Раббы, Аллаға тән!»,- деу болады.
11
Егер Алла, адам баласының қайырды, асығыс тілегеніндей; жамандықты да тез берсе еді, әрине олардың ажалдары біткен болар еді. Алайда, бізге кездесуді үміт етпегендерді адасқан бойда қойып қоямыз да, қаңғыра береді.
12
Ал қашан адам баласына бір зиян жетсе: жатса да отырса да немесе түрегеп тұрса да бізге жалбарынады; алайда қашан одан зиянды айықтырсақ, тіпті оған тиген зиянды айықтыру үшін бізге жалбарынмағандай-ақ кете береді. Солайша, шектен шығушыларға істеген істері көркем көрсетілді.
13
Расында сендерден бұрынғы дәуірдегілердің зұлымдық қылғандықтары және пайғамбарлары келтірген ашық дәлелдерге иман келтірмегендіктері үшін жоқ еттік. Осылайша күнәкар қауымға жаза береміз.
14
Сонан кейін олардың артынан не істейтіндіктеріңді көру үшін жер жүзінде сендерді орындарына қойдық.
15
Сондай-ақ оларға аяттарымыз ашық дәлел түрінде оқылған кезде, сондай Бізге кездесуді үміт етпегендер: «Бұдан басқа бір Құран келтір немесе мұны ауыстыр!»,- деді. «Оны өз тарапымнан өзгертуіме болмайды. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін. Расында мен, Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын» де.
16
«Егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»,- де.
17
Ал енді Аллаға бір өтірік жала жапсырған не аяттарын жасынға шығарған біреуден кім залымырақ? Шынында күнәкарлар құтылмайды.
18
Олар, Алладан өзге, өздеріне зиян не пайда бермейтін нәрселерге шоқынып: «Оларды, Алланың қасында шапағатшымыз» дейді. «Сендер Аллаға, көктердегі әрі жердегі Оның білмеген нәрсесінен хабар бересіңдер ме?»,- де. Алла, олардың қосқан серіктерінен пәк, жоғары.
19
Адамдар бір-ақ үммет еді, сонсоң олар қайшылыққа түсті. егер Раббыңнан бір сөз өткен болмаса еді, таласқан нәрселері турасында әрине араларына үкім берілген болар еді (жазаландырылар еді).
20
Және олар: «Оған, Раббылары тарапынан бір мұғжиза неге түсірілмейді?»,- дейді. Сонда сен оларға: «Негізінен көмес, Аллаға тән. Сондықтан күтіңдер! Мен де сендермен бірге соны тосамын!»,- де.
21
Адам баласына бір зиян тигеннен кейін рахметімізді таттырсақ, сол уақытта олардың аяттарымызға байланысты айлакерліктері болады. «Алла, жазаландыруда өте жылдам» де. Расында елшілеріміз (періштеріміз) істеген сығандықтарыңды жазады.
22
Ол сондай Алла, сендерді құрылықта, теңізде кездіреді. Хатте сендер кемеде боласыңдар. Кеме, оларды жақсы бір самал арқылы алып бара жатады да, олар онымен мәз болады. Бір боран келіп оларға әр тараптан толқын келгенде, олар, онымен қоршалдық деп ойлаған сәтте; сенімін нағыз Аллаға арнап: «Егер осыдан бізді құтқарсаң шүкір етушілерден болар едік» деп тілейді.
23
Дегенмен, Алла оларды құтқарған кезде, олар жер жүзінде орынсыз қарсылық істейді. Әй адам баласы! Дүние тіршілігіндегі қарсылықтарыңның зияны өздеріңе ғана. Сонсоң барар жерлерің біз жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді білдіреміз.
24
Шын мәнінде дүние тіршілігінің мысалы: Біз көктен жаудырған жаңбыр тәрізді. Ол арқылы адамдар, малдар жейтін өсімдіктер аралас өсіп, жер жүзі құлпырып зейнеттенген кезде, жер иесі; пайдалануға күшіміз жетеді деп ойлаған сәтте, түнде не күндіз әміріміз келіп, тіпті кеше болмаған тәрізді түбінен орылғанға айналдырдық. Ойланатын қауымға аяттарымызды осылайша айырып баян етеміз.
25
Алла есендік жұртына (жәннәтқа) шақырады да, қалаған құлын тұп-тура жолға салады.
26
Сондай жақсы іс істегендерге жақсылық әрі артығы да бар. Олардың беттерінде бір дақ не қорлық әсері көрінбейді, солар жәннәттік. Олар онда мәңгі қалады.
27
Ал сондай жамандық істегендердің жазасы, сондай ғана болады, беттерінде қорлық әсері болады. Оларды, Алладан қорғаушы болмайды. Олардың беттері түннің қараңғылығынан бір бөлім қаптағандай. Солар тозақтық. Олар онда мүлде қалады.
28
Қиямет күні оларды түгел жинаймыз. Сонсоң мүшріктерге: «Сендер де, Аллаға қосқан серіктерің де орындарыңда тұрыңдар!»,- дейміз. Сонда олардың араларын айырамыз. Олардың серіктері: «Сендер бізге табынбаған едіңдер» дейді.
29
«Енді сендер мен біздің арамызға куәлікке Алла жеткілікті. Тіпті біздің, сендердің табынғандарыңнан хабарымыз жоқ» дейді.
30
Сол арада әркім бұрын істеген ісінен сыналады. Сондай-ақ шынайы иелері Алланың құзырына апарылады. Жасама нәрселері олардан ғайып болды.
Sonraki 30 ayet →